«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

Қарағанды облысыныңда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 20 желтоқсанында «Жас заңгер» жобасын іске асыру аясында Теміртау қаласы Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейі платформасында желілік жиын өткізді. Желілік жиын-практикум барысында оқушыларда құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың жүйелі тәсілі ұсынылды. Сондай-ақ, «Заңдық навигатор» атты құқықтық сауаттылық апталығын өткізу ерекшеліктері қарастырылды. Желілік жиын-практикум әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырып, оң пікірлерге ие болды.
Қатысушылар саны – 55 педагог.