«Тіл – ұлт қазынасы»
23-12-2024 18:07
«Тіл – ұлт қазынасы»

      2024 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, тәрбиеленушілердің және ата – аналардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру мақсатында Теміртау қаласы «Қуаныш» КМҚК базасында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында «Тіл – ұлт қазынасы» атты семинар – практикумы ұйымдастырылды.

Семинарда 4 бөбекжайлар «Қуаныш», «Әдемі», «Самал» және «Сәуле» педагогтері өз жұмыс іс-тәжірибесімен бөлісті.  Тәрбиенушілер ата-аналармен бірлесіп  сюжеттік-рольдік ойындар, драматизация арқылы қазақ тілінде сөйлеуді көрсете білді.

Семинарда  Қарағанды, Саран, Шахтинск, Балқаш, Теміртау  қалаларынан және  Осакаров, Бұқар Жырау, Абай ауданынан 30 педагогтер қатысты.