2024 жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің басазында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, «Шабыт» жобасы және «Бірлік және ынтымақ» айы аясындааясында, «Кел жастар, достық әнін шырқайық» атты ұлттар мәдениетінің XIII облыстық студенттер фестивалі өтті.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің шығармашылық потенциалын ашу, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға жағдай жасау, Қазақстанда тұратын халықтардың шығармашылығы арқылы білім алушыларды ұлттық мәдениеттер дәстүрлерімен таныстыру.
«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директоры Темирбулатова Алма Асхатовна «Ел бірлігімен мықты» тақырыбында сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестиваль дәстүрлі түрде биылғы жылы ХІІІ рет өтті. Фестивальге Қарағанды облысының 17 колледжінің шығармашылық ұжымдары қатысты. 100-ге тарта өнерпаздар өнер көрсетті. Жалпы қамтылу 500 адам.
Фестиваль соңында барлық қатысушыларға алғыс ретінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінің арнайы кәдесыйы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды.