Анонс
07-01-2025 16:42

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру оқушылардың логикалық, шығармашылық, сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2025 жылдың 05-06 қаңтар күндері бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қысқы мектеп ұйымдастырылады. 06 қаңтар күні Қысқы мектеп аясында республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізіледі.

Олимпиада ережесі оқу әдістемелік сайтында бастауыш білім беру бөліміне орналасқан. Облысымыздың бастауыш сынып мұғалімдерін «Алтын тұғыр» олимпиадасына және Қысқы мектеп аясында өтетін оқыту курсына белсенді қатысуға шақырамыз.