Қарағанды облысында «Электроника» құзыреттілігі бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шара инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және арнайы пәндер оқытушылары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін арттыру алаңына айналды.
Байқаудың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту және білім беру үдерісіне инновациялық әдістемелерді енгізу болды. Негізгі міндеттердің қатарына кәсіби білімді, дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу жатады.
Байқауға облыстың түрлі оқу орындарының атынан кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар педагогтар қатысты. Бұл бәсекелестік ортаны құруға және ең талантты және кәсіби мамандарды анықтауға мүмкіндік берді. Байқауға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 5 педагогы қатысты.
Табанды күрес нәтижесінде байқау жеңімпаздары атанды:
1 орын - Абжанов Арман Кайроллинович, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
2 орын - Бекзатова Айкумис Манатовна, «Теміртау техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
3 орын - Тлеуов Заманбек Мыктыбекович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және одан әрі кәсіби табыстар тілейміз!