«Қарағанды өңірін дамытудағы ТжКОБ жүйесінің рөлі» тақырыбындағы педагогтерге арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция
24-12-2024 17:10
«Қарағанды өңірін дамытудағы ТжКОБ жүйесінің рөлі» тақырыбындағы педагогтерге арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция

      2024 жылдың 24 желтоқсанында «Машина жасау және металл өңдеу саласы» облыстық әдістемелік бірлестігі шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды машина жасау колледжімен бірлесіп, Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына және «Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚК 70 жылдық мерейтойына арналған колледж педагогтері арасындағы «Қарағанды өңірін дамытудағы ТжКОБ жүйесінің рөлі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру, өңір экономикасының қалыптасуы мен дамуындағы ТжКОБ рөлін анықтау және мазмұны бойынша педагогтердің жұмыс тәжірибесін ұсыну болып табылады.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:

1«Оқу орнының даму тарихы және Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысы»;

2«Әлеуметтік серіктестік: ТжКОБ мамандарын сапалы даярлаудың кепілі»;

3«ТжКОБ дамуының заманауи трендтері».

Конференция тәжірибе алмасу, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру алаңына айналды.

Іс-шараға қатысушылар білім беру ұйымдарының өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өзара іс-қимылының тиімді стратегияларын әзірлеу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті, бұл кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және кадрлық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шараның қорытындысы Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамуындағы рөлін күшейтуге бағытталған ТжКОБ жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар қабылдау болды. Қарағанды облысы колледждерінің 75 педагогы қатысты.