Шетел тілі мұғалімдерінің тәжірибесін тарату бойынша семинар өткізілді
19-12-2024 17:20
Шетел тілі мұғалімдерінің тәжірибесін тарату бойынша  семинар өткізілді

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 19 желтоқсаны орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тәжірибесін тарату семинарын өткізді.Өз тәжірибелерімен келесі педагогтер бөлісті:

«UsingAIinteachingEnglish» тақырыбыменҚарағанды қаласының Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ шетел тілі мұғаліміАсем Абдраимовна Бектурова;

«Innovative Approaches to English Language Lessons» тақырыбымен  Қарағанды қаласының «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ шетел тілі мұғалімі Айсулу Канатовна Сыздыкова;

Оқу үрдісіне оқушыларды тарту үшін цифрлық құралдарды пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен Абай ауданының «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ шетел тілі мұғалімі Елена Дмитриевна  Яремкив;

Суммативті бағалауды өткізу кезінде АКТ енгізу және пайдалану туралы Шахтинск қаласының «№ 4 ЖББМ» КММ шетел тілі мұғалімі Надежда Александровна Дяденко айтып берді.

Ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы жұмыс тәжірибесімен Теміртау қаласының «№ 8 ЖББМ» КММ шетел тілі мұғалімі Сая Хамиевна Сердалинова бөлісті;

Неміс тілін оқытуға оқушылардың ынталарын дамыту туралы Шахтинск қаласының «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ шетел тілі мұғалімі Кристина Викторовна Самоследова айтып берді.

Семинарға Қарағанды облысының 115 педагогі қатысты.