Б.Момышұлы және №23 жалпы білім беретін мектептерінде «Аманат» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен кездесуі
20-12-2024 18:18
Б.Момышұлы және №23 жалпы білім беретін мектептерінде «Аманат» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен кездесуі

      2024 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Б.Момышұлы атындағы және №23 жалпы білім беретін мектептерінде «Аманат» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, меценат Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесу өтті.

 «Халық аманатын арқалаған азамат» тақырыбында өткен кездесудің басты кейіпкері Бекзат Қомарұлы оқушыларға өнегемен өрілген өмірі және қызмет жолын баяндап, жас буынға ағалық ақылын, ізгі ниетін жеткізді. Адамгершілік, рухани, ұлттық құндылықтар, тәрбие мен білім тұрғысында әңгіме өрбітіп, Абайдың «Толық адам» тәсілінің мағынасы мен маңызын түсіндірді.