Вице-президенті Қаратабанов Руслан Әділханұлы -мен кездесу
26-12-2024 20:00
Вице-президенті Қаратабанов Руслан Әділханұлы -мен кездесу

24 жылғы 26 желтоқсанда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында Ы. Алтынсарин атындағы академияның вице-президенті Қаратабанов Р.А.-мен кездесу өтті. Кездесу барысында Руслан Әділханұлы негізгі орта/бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасын ұсынды. 

Ұсынылған стандарт «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде әзірленген, ұлттық құндылықтардың пәндік құзыреттілік арқылы интеграциялануы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту көзделген. Қуантарлығы, стандарт мазмұнының басты сәттерінің бірі – бастауыш мектепте қазақ тіліне ерте сатыдан енгізу бағдарламасы арқылы қазақ тілін оқытуды күшейту, негізгі және жоғары сыныптарда қазақ тілінде тілдік емес пәндерді білім беру ұйымының таңдауы бойынша оқыту, сондай-ақ стандарттың күтілетін нәтижелеріне «Алгебра» мен «Геометрия» орнына «Математика», «Физика», «Химия», «Биология» орнына «Жаратылыстану» біріктірілген пәндері арқылы қол жеткізу болды. 

Облыс педагогтарына стандарт жобасын зерделеп, өз пікірлерін білдіру ұсынылды.  Кездесу барысында оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқулықтардың мазмұны, критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Кездесуге оффлайн түрде 30 адам және онлайн режимде Қарағанды облысының 300-ден астам педагогтері қатысты.