Колледждердің қызметін енді бастаушы әдіскерлеріне арналған семинар
26-12-2024 17:35
Колледждердің қызметін енді бастаушы әдіскерлеріне арналған семинар

2024 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Жас әдіскер мектебі» қызметін енді бастауышы мамандарға оларды оқу орнының әдістемелік қызметіндегі жұмысқа бейімдеуде, теориялық білімді жетілдіру мәселелерінде практикалық көмек көрсету мақсатында «Колледждердің қызметін енді бастаушы әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес тәжірибелі педагогтер тыңдаушыларға тақырыптар ұсынды:

1.  «Колледж әдіскері үшін нормативтік-құқықтық негіз», Жуманбаева Қуралай Асылбековна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

2.  «Әдістемелік қызмет: функциялары, мазмұны және нәтижелері», Кашина Елена Александровна, әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері.

Семинар соңында модератор, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Семинарға 22 әдіскер қатысты.