Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыс тобының отырысы
27-12-2024 18:17
Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыс тобының отырысы

      2024 жылғы 27 желтоқсанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыс тобының онлайн-отырысын өткізді.

Отырыстың мақсаты - білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер үшін оқыту семинарын өткізу форматын және нормативтік-құқықтық актілерді жаңартуды   талқылау.

Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна нормативтік-құқықтық актілерді жаңартудың маңызды мәселесіне тоқталып, бұл - білім берудің заманауи талаптары мен стандарттарына бейімделу үшін қажетті қадам екенін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста кәсіби және салалық стандарттарды жаңарту ерекшеліктері, білім беру бағдарламаларын дайындау және кәсіби стандарттарды, WorldSkills стандарттарын пайдалану бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу талқыланды.

Талқылау барысында жұмыс тобының мүшелері қарастырылып отырған мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен ұсынымдарын айтты.

Отырысқа жұмыс тобының 9 мүшесі қатысты.