2024 жылдың 26 желтоқсан күніАстана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық дөңгелек үстел өтті. Басқосуда министр Ғ.Бейсенбаев ауыл мектептерінің мұғалімдерімен педагогтердің аттестациясы, кадрлық резерв, біртұтас тәрбие, дарынды оқушылармен жұмыс және білім саласына қатысты басқа да жаңалықтармен бөлісті.
Ауыл мектептеріндегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылауға Қарағанды облысынан кездесуге қатысқан мектеп басшылары, педагогтер пікірлерін қосты. Мұғалімдеріміз кездесуден жақсы әсер алып, министрлік тарапынан дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Мұғалімдеріміздің жетістіктеріне шын ниеттен қуаныштымыз және оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.