Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Шет тілдері сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» Қысқы мектебі өткізілді
06-01-2025 18:56
Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Шет тілдері сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту»  Қысқы мектебі өткізілді

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 6 қаңтарда Шет тілдері мұғалімдері үшін «Шет тілдері сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» Қысқы мектебін өткізді. Қысқы мектеп жұмысына Қарағанды облысының Шет тілдері мұғалімдері қатысты:

Айтимбетова Дана Дилмаханбетовна, Қарағанды қ. «№18 ЖББМ» КММ шет тілі мұғалімі және Тулеубекова Жангуль Турсынбековна, Қарағанды қ. «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ шет тілі мұғалімі, оқушылардың оқу дағдыларын дамыту туралы айтып, бастауыш мектепте оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағын ұсынды.

Герасименко Евгения Сергеевна, ағылшын тілі мұғалімі, «Мұрагер» ММЛИ» КММ, мектепте шет тілін оқу клубын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, клуб жұмысы аясында жоғары сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынды.

Сыздыкова Айсулу Канатовна, Қарағанды қаласының «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ шет тілдері мұғалімі, оқушыларға құндылықтар жүйесі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін саналы оқу стратегиясын ұсынды.

Минеева Любовь Николаевна, Шахтинск қаласының «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ мұғалімі, тыңдаушылармен бірге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдістерін талдады.

Приозерск қаласының «№1 ЖББМ»  КММ шет  тілі мұғалімі Фарида Суйеничбековна Душмуратова, тыңдаушылармен бірге оқудың қосалқы дағдыларын оқытуға арналған тапсырмаларымен жан-жақты таныстырып, оларды кезең-кезеңімен талдады.

Қарағанды облысының 100 педагогы қамтылды.