Размер шрифта:
Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
05-01-2025 10:25
Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

      2025 жылдың 05 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математикапәні мұғалімдерініңоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 21 мұғалім қатысты.

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша математика пәнінен білім сапасының мониторингісі;
  2. Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері. Математикалық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды шешу;
  3. Сабақ үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану.

Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері.
  • Ремезов Виталий Сергеевич, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі.
  • Бухарбаева Диана Махсатовна, «Озат»  ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі.