Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәсіби өсу мектебі» атты семинар болып өтті.
30-10-2014 11:06
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәсіби өсу мектебі» атты семинар болып өтті.

         2014-жылдың 29-қазанында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  білім беру саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін  арттыру мақсатында, облыстық әдістемелік бірлестік  аясында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәсіби өсу мектебі» атты семинар болып өтті.

Семинарға  директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары және облыстық білім беруді дамытудың әдіскерлері қатысты.

Семинар мына бағдарлама негізінде өтті.

1.     Алғы сөз. Методикалық ұсыныстар. (Тілеубергенова А.Ж бөлім басшысы)

2.     «Кәсіби бағдар және оның рөлі» (Любчанская Т.В  ТжКББ бөлімінің әдіскері)

3.     «Жол картасы-2020» (Нартова Т.Г  ТжКББ бөлімінің әдіскері)

4.     «Қарағанды облысында кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру» атты жадынамамен қатысушыларды таныстыру  (Омарова З.АТжКББ бөлімінің әдіскері)

5.     «Колледждердегі кәсіби бағдар» (Кнашина Г.А Казахмыс корпарациясының колледжі)

6.     Топпен жұмыс  (Любчанская Т.В  ТжКББ бөлімінің әдіскері)

7.     Рефлексия

8.     2014-2015 оқу жылына арналған облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына өзгертулер енгізу. (Кнашина Г.Аоблыстық әдістемелік бірлестіктің төрағасы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)