2025 жылдың 14 қаңтарында «Заманауи басшы – білім берудегі өзгерістердің көшбасшысы» форумының бірінші күні
14-01-2025 20:04
2025 жылдың 14 қаңтарында «Заманауи басшы – білім берудегі өзгерістердің көшбасшысы» форумының бірінші күні
       2025 жылдың 14 қаңтарында «Заманауи басшы – білім берудегі өзгерістердің көшбасшысы» форумының бірінші күні сәтті аяқталды. 
    Қарағандыда №19 жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған ауқымды форумның бірінші бөлімі өтті. Бұл шарада облысымыздың 174 мектеп директоры, 13 білім бөлімінің басшысы және 13 әдістемелік кабинет меңгерушілері бас қосып, білім беру саласын жаңа деңгейге көтерудің өзекті мәселелерін талқылады.  
     Форумның басты идеясы – білім беру ұйымдарының тиімді тәжірибелерін ортаға салу және заманауи менеджменттің инновациялық әдістерін дамытуға бағытталған тұрақты коммуникациялық алаң құру болды.  
     Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлының жүргізген шара Қарағанды білім басқармасының басшысы Жүнісова Гүлбақыт Серікжанқызының білім беру саласының ағымдағы жағдайы туралы баяндамасымен басталды. Сондай-ақ, EdCrunch конференциясының бағдарламалық директоры Нұрлан Мұратұлы білім беру ұйымдарындағы өзгерістерді басқару жөніндегі құзыреттерді дамыту тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Пленарлық бөлімнің қорытындысын «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорының директоры және мектептік білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Гүлнар Салмен барлық балалар үшін олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан тең білім алу мүмкіндіктерін жасау жайында баяндамасымен жасады.
   Форумның алғашқы күнінің екінші жартысында облыс директорлары топтарға бөлініп, арнайы тренерлердің сабағын тыңдап қана қоймай, сонымен қатар практикалық тапсырмалар да орындады.
     Әр сессияны өз саласының үздік сарапшылары мен тренерлері жүргізді. Жұмыс барысында білім беру сапасын арттыру, мектептердің даму жоспарларын әзірлеу және көшбасшылық құзыреттерді жетілдіру сияқты өзекті мәселелерге нақты шешімдер ұсынылды.   
       Жоспар бойынша, форумның екінші күнінде қатысушылар шағын топтарға бөлініп, келесі тақырыптарды талқылайтын болады:  
- Мектепті басқару және әдістемелік көшбасшылық;
- Көшбасшылық және стратегиялық жоспарлау;
- Корпоративтік мәдениет және қолайлы білім беру ортасы;
- Action Research: білім беру сапасын арттыру құралы ретінде;