«FISCHERTECHNIK» ЖӘНЕ «LEGO SPIKE» ОҚЫТУ КУРСТАРЫ
13-01-2025 12:00
«FISCHERTECHNIK» ЖӘНЕ «LEGO SPIKE» ОҚЫТУ КУРСТАРЫ

      2025 жылғы 13-16 қаңтараралығында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы, «Robotek»компаниясы мен«Kazdidac»оқу орталығымен бірлесіп«Fischertechnik»және «LEGO SPIKE» курстарын ұйымдастырды. «Fischertechnik» курстарын Германияда «Fischertechnik»компаниясының базасында оқыған жаттықтырушылар жүргізеді.

Курстың негізгі мақсаты–инженерия, механика және бағдарламалау саласындағы білім мен дағдыларды дамыту, «Fischertechnik»жиынтығымен және «LEGO Spike Prime» жиынтығымен танысу.

Екі курс та STEM білім беру салаласын, практикалық дағдыларды, сыни ойлауды және инженерияға шығармашылық көзқарасты дамытуға бағытталған.