«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында Оқу сауаттылығы апталығы
24-01-2025 19:06
«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында Оқу сауаттылығы апталығы

      2025 жылдың 20 және 24 қаңтар аралығында оқу-әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес облыс білім мекмелерінің бастауыш сыныптарында «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында Оқу сауаттылығы апталығы ұйымдастырылды.

Мақсаты: білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, білім алушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Біз – бақытты ұрпақпыз!» тақырыбында өткізілген сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру мақсатында «Шапшаң оқу акциясы» ұйымдастырылды. Екінші күні 2-3 сыныптар арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында көркем жазу сайысы өтсе, 4 сыныптарда Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесінен «Бестік диктант» жазу ұйымдастырылды. Үшінші күні «Мен әкеммен мақтанамын» танымдық ток-шоуы мен 1 сыныптар арасында «Жаңылтпаштан жаңылма!» сайысы болып өтті. Апталықтың төртінші күні ұстаздарға арналған «Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы оқу сауаттылығын дамытудағы сабақтастық» тақырыбында коучинг өткізілсе, «Оқу сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған көрнекі құралдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Оқу сауаттылығы апталығына барлық білім мекемелері белсене атсалысты.