Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығын арттыру барысында мәтіндермен жұмыс түрлері» тақырыбында шеберлік сабақтары. «Бос құмыра», «Акулалар» мәтіні
27-01-2025 12:09
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығын арттыру барысында мәтіндермен жұмыс түрлері» тақырыбында шеберлік сабақтары. «Бос құмыра», «Акулалар» мәтіні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 27 қаңтары күні бастауыш сынып мұғалімдерге арналған мәтінмен жұмыс арқылы оқу сауаттылығына бағытталған шеберлік сабақтар өткізілді.

Педагогтер оқу сауаттылығын арттыру барысындағы мәтінмен жұмыс түрлеріне және құпиялық режимнен шыққан PIRLS халықаралық зерттеуі тапсырмаларын талдау бойынша «Бос құмыра», «Акула» мәтіндерін талдап, жұмыстарын тәжірибе алаңында ұсынды:

Аймышова Кенжегул Камиловна, Хасенова Рахат Сериковна «№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Исатаева Умит Нурсултановна

Иманбаева Газиза Амангельдиновна, Шулембаева Гаухар Бейсеновна,  «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ. Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Абугалиева Самал Нуртаевна

Коваленко Вероника Павловна, Прохорова Ольга Алексеевна «№48 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Шеберлік сабақтарға Шет, Осакаров, Абай, Ақтоғай, Нұра, Бұқар жырау аудандарының педагогтері қатысты.