МЖМБС, кәсіби стандарттар және WorldSkills стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинар-тренинг
31-01-2025 17:14
МЖМБС, кәсіби стандарттар және WorldSkills стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинар-тренинг

      2025 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды технология және сервис колледжінің базасында  МЖМБС, кәсіби стандарттар, WorldSkills стандарттарын, сондай-ақ біздің өңіріміз үшін өзекті жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын және жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша облыстық семинар өткізді.

Нысаналы аудитория Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (медициналық қоспағанда) директорларының оқу ісі  жөніндегі орынбасарлары.

Отырыс барысында Қарағанды облысында  білім еруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығыбасшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна заманауи талаптарды ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру бізден икемділікті, креативтілікті және жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін талап ететінін және сапалы білім беру бағдарламасын құру тек стандарттарды ұстану ғана емес, сонымен қатар аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларын талдау және ескеру мүмкіндігі екенін түсіну маңыздыекенін атап өтті.

Семинар-тренинг теориялық бөлімді де, бағыттар бойынша секциялардағы жұмысты да қамтыды.

Спикерлер сөз сөйледі:

- Нартова Татьяна Георгиевна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары, «Қарағанды облысының жаңа мамандықтар мен құзыреттерінің атласын ескере отырып, колледждердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы» тақырыбында;

- Свердлова Елена Александровна, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, облыстық әдістемелік бірлістік төрайымы, «Жаңартылған кәсіби стандарттардың ерекшеліктері және оларды білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдану туралы» тақырыбында;

- Кнашина Гульсим Амантаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі директорының оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Біліктіліктің функционалдық картасын жасау алгоритмі» тақырыбында.

Секциялардың модераторлары облыс колледждері директорларының орынбасарлары болды:

1 Секция   (тау-кен өндіру өнеркәсібі) - Банников Иван Вячеславович, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары;

2 Секция (металлургия) - Ахметов Бегзат Айткенович, Темиртау жоғары политехникалық колледжі  директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары;

3 Секция  (металл өндеу мен машина жасау өнеркәсібі) - Бакирова Айгуль Нурлыбековна, Қарағанды көлік-технологиялық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

4 Секция  (металл өндеу мен машина жасау өнеркәсібі) -  Кнашина Гульсим Амантаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі директорының оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

5 Секция (АT – индустрия) - Свердлова Елена Александровна, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

6 Секция  (креативті – индустрия) - Павленко Наталья Леонидовна, «Сервис» колледжі  директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

7 Секция (педагогикалық) - Ишанкулова Райхан Мукановна, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

8 Секция (қызмет көрсету және тамақтану саласы) -  Бейсембаева Гульзада Сагандыковна, Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Черенкова Ольга Сергеевна, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Әр секция жұмысының мақсаты кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, өңірдің жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктерінің атласын қолдана отырып, бағыттар мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу болды.

Шығармашылық белсенділік атмосферасы орнады, қатысушылар тапсырманың дұрыс шешімін таба отырып, пікір алмасты.

Талқылау барысында секция қатысушылары білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритмдерін, кәсіби стандарттарды интеграциялаудың өзекті тәсілдерін және еңбек нарығының заманауи талаптарын ұсынды. Әр секция өз жобасын қорғады.

Семинар-тренинг тәжірибе алмасуға және педагогтердің кәсіби қоғамдастығын нығайтуға ықпал етті.

Облыстың 43 колледжінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары,  кафедрасының меңгерушілері қатысты. Қамту 59 қатысушыны құрады.