Размер шрифта:
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының жеңімпазы Теміртау қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінің тәжірибесін тарату семинары
03-02-2025 17:40
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының жеңімпазы Теміртау қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінің  тәжірибесін тарату семинары

2025 жылдың 03 ақпанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері,«Eko - Bolashak» экологиялық сынып жобасының жетекшілеріне «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының жеңімпазы Теміртау қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінің тәжірибесін тарату семинарын өткізді.

        Семинарда Варганова Елена Петровнадиректордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, Щедрина Евгения Андреевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Борисенко Наталья Викторовна, бастауыш сынып мұғалімі, Сизоненко Галина Карапетовна,орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Харитонова Инна Николаевна, дене шынықтыру мұғалімі экологиялық мәдениетті дамытудағы көп жылғы тәжірибелерімен бөлісті.