Размер шрифта:
«Баланың тұлғасын адамгершілік тәрбиелеудің шарты негізінде эмоциялар мен сезімдерді дамыту»
12-02-2025 15:31
«Баланың тұлғасын адамгершілік тәрбиелеудің шарты негізінде эмоциялар мен сезімдерді дамыту»
      2025 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Қарағанды қаласының «Таңшолпан» бөбекжайы»  КМҚК-ның  базасында «Мен бақытты баламын» жобасын іске асыру бойынша «Баланың тұлғасын адамгершілік тәрбиелеудің шарты негізінде эмоциялар мен сезімдерді дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға Шет ауданының, Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск қалаларының 30 педагогі қатысты.
      Семинар тиімді құралдар мен әдістерді қолдану арқылы 3-5 жастағы балалардың эмоционалды ортасы мен психопрофилактикасын дамытудағы маңызды іс-шараға айналды. Эмоциялар мен сезімдер бойынша ойындар-тренингтер, балалардың эмоционалдық жағдайын дамытуға арналған эксперименттік, практикалық іс-шаралар,  және «Кім бірінші» интеллектуалдық ойын-аукционы, эмоционалды интеллектіні дамытуға арналған практикалық сессия, нетворинг өткізілді. 
      Семинар белсенді және эмоционалды атмосферада өтті, оған қатысушылар балабақшаның жұмысын жоғары кәсіби деңгейде бағалады.