2025 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын, «Шабыт» жобасын жүзеге асыру аясында «Туған үйдің жылуы» тақырыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Көркем еңбек» мамандығы бойынша «Жас шебер» облыстық байқауын өткізді.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау.
Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 18 студент қатысты.
Байқау «Графика», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша өтті.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Графика» бағыты бойынша:
І орын –Брежнева Наталья, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенті;
ІІ орын – Шагеева София, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;
ІІІ орын – Құрамыс Аружан, «Қарағанды технология және сервисколледжі» КМҚК студенті.
«Кескіндеме» бағыты бойынша:
І орын – Болотских Екатерина, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті;
ІІ орын – Клевцова Дарья, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;
ІІІ орын – Мытник Карина, «Қарағанды технология және сервисколледжі» КМҚК студенті.
«Сәндік-қолданбалы өнер» бағыты бойынша:
І орын – Шакенова Ділназ, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;
ІІ орын – Васютина Алина, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті;
ІІІ орын – Щигрева Виктория, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті.
Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz






