«Ғылым әлемінің ғажайыптары»
21-02-2025 16:42
«Ғылым әлемінің ғажайыптары»

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасы аясында Қарағанды қаласының «Алтын сақа» бөбекжайының базасында «Ғылым әлемінің ғажайыптары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

      Семинардың мақсаты эксперименттік және конструктивті үлгілік іс-әрекеттер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға жағдай жасау.

      Семинар алаңдарда ұйымдастырылып өткізілді: «Судың қасиеті», «Тәтті шоколадтар фабрикасы», «Білгіш саяхатшылар», «Теңіз тұңғиығы».

      Семинардың ерекше әсер қалдырған тұсы -  «Кішкентай зерттеушілер» кітабының тұсаукесері болды.

Семинарға 30-дан астам педагог қатысты.