«Ғылым әлемінің ғажайыптары»
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасы аясында Қарағанды қаласының «Алтын сақа» бөбекжайының базасында «Ғылым әлемінің ғажайыптары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты эксперименттік және конструктивті үлгілік іс-әрекеттер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға жағдай жасау.
Семинар алаңдарда ұйымдастырылып өткізілді: «Судың қасиеті», «Тәтті шоколадтар фабрикасы», «Білгіш саяхатшылар», «Теңіз тұңғиығы».
Семинардың ерекше әсер қалдырған тұсы - «Кішкентай зерттеушілер» кітабының тұсаукесері болды.
Семинарға 30-дан астам педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




