2025 жылғы 21 ақпанда Қарағанды қаласындағы "Гимназия №3" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының құндылықтарын сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларға енгізу" тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Қарағанды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Б.Х., әдіскерлері, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының құндылықтарын оқу пәндерінің мазмұнына енгізу бойынша шығармашылық топтың мүшелері, сондай-ақ нысандымектептердің педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты: бағдарламаның құндылықтарын сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларға интеграциялау тәжірибесімен алмасу.
Семинар пленарлық және практикалық бөлімдерден тұрды. Пленарлық бөлімде Қарағанды қаласының "Арнайы мектеп-интернаты №2" КММ-мен бірлескен "Қамқор" жобасы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Мектеп-интернаттың тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Г.М.Алиева Қарағанды қаласының №3 гимназиясымен бірлескен "Қамқор" еріктілер қозғалысының тәжірибесімен бөлісті.
Практикалық бөлімде семинар қатысушылары гимназия компонентінің сабақтары мен іс-шараларына қатысты. Екінші шет тілі ретінде неміс тілі сабағына үлкен қызығушылық танытылды. Сабақ аяқталғаннан кейін халықаралық "PASCH" жобасының жетекшісі Александра Смитс 9-сынып оқушыларының белсенділігін және мұғалім Заболотских Н.В-ның кәсіби құзыреттілігін жоғары бағалады.
Қызықты шеберлік сынып "Тәрбие негізі ұлттық құндылықта", оны Исабекова К.Б. мен Аймуханова А.М. өткізді, сондай-ақ А.В.Сыскина, Ә.Н.Тойжан және Ә.Е.Камалиева өткізген "Тұлға палитрасы: өнер тәрбиелеу құралы ретінде" атты шағын интенсив ерекше назар аударды. Қатысушылар балалардың креативті ойлауын дамыту және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың практикалық әдістерін көрді.
Рефлексиялық бөлімде қатысушылар тәжірибесімен бөліскен және құндылықтарды оқу мазмұнына енгізу бойынша жұмыс атқарған Қарағанды қаласының №3 гимназиясының директоры Кульжамбекова С.К., бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Бекова Д.М., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Набиева М.Н. Шумилина О.Н: директодың оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарыжәне мұғалімдерге алғыстарын білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар оның өзектілігі мен педагогтер үшін маңыздылығын атап өтті.





umc-ro@umckrg.gov.kz







