«ЗЕРДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ» СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ
21-02-2025 17:10
«ЗЕРДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ» СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

      21 ақпан күні Қарағанды облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беретін мектеп педагогерінің қатысуымен «Зердесі бұзылған оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру» семинар-практикумы өтті.

      Іс-шара барысында зердесі бұзылған түлектерді әлеуметтік бейімдеу, еңбекке оқытуды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Бастауыш сынып оқушылары қонақтарға шаштараз ісі, ауыл шаруашылығы, медицина, кір жуу және тұрмыстық қызметтер, аспаздық бойынша практикалық білімдері мен дағдыларын көрсетті.

      Сонымен қатар, педагогтер еңбекке баулу бойынша «Пластикалық серіппемен байланыстыру», «Жиектемеде тоқу», «Гипс мүсіншелерін жасау», «Кітап сөресін құрастыру»; сәндік-қолданбалы өнер бойынша  «Дәстүрлі емес сурет салу техникасындағы ертегі» атты шеберлік сабақтарына қатысты.

     Қорытындылай келе, қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, ерте кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысты жалғастыру және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерінде педагогтер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.