«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Абай ауданындағы мақсатты мектептердің мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу аясында сабақтар топтамасының 2-ші күні
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21 ақпан күні Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-лицейінің базасында Абай ауданының мақсатты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған практикалық облыстық семинардың екінші күні өткізілді.
Семинардың мақсаты сабақ құрылымына мән бере отырып тәжірибе алмасу. Бұл білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру мен жетілдіру үшін маңызды бағыт болып табылады.
Келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
- «Глагол как часть речи» Роль глаголов предложении. Разнообразие лексических значений глаголов» тақырыбында ( орыс тілі пәні) Ерохина Светлана Николаевна «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;
- «Сложение и вычитание дробей » тақырыбында (математика пәні) Идрисова Зульфия Рафкатовна «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;
- «Бытовые сказки «Айога» нанайская нородная сказка» тақырыбында (Орыс әдебиеті пәні) Кучина Наталья Сергеевна «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;
- «Что такое черный металл» тақырыбында (Жаратылыстану пәні) Ермекова Зульфия Жанатовна «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ.
Семинар соңында Абай ауданының менторлары Айтжанова Ж.А., Какенбекова А.А «ҚМЖ қалай дұрыс құру керек», «Бастауыш мектепке арналған білім беру ресурстары» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.





umc-ro@umckrg.gov.kz






