Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы
24-02-2025 17:39
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы

          2025 жылдың 21 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында 4 бағыт бойынша «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауын өткізді: жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары; информатика пәнінің оқытушылары; арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері; IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері.

      Байқау мақсаты Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру процесінде педагогтердің инновациялық ақпараттық технологияларды қолдануының маңыздылығын арттыру болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар білім беру процесінде инновациялық IT-технологияларды қолданудың тиімді тәжірибелерін көрсетті.

Байқауға 26 педагог қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары» бағыты бойынша:

1 орын - Шалкажанова Айзада Жарылкаповна, «Балхаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы;

2 орын -Аманбек Онергуль, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы;

3 орын -Медведева Тамара Юрьевна, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы.

«Информатика пәнінің оқытушылары» бағыты бойынша:

1 орын - Ашкенова Шынар Амандыковна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ информатика пәнінің оқытушысы;

2 орын - Жексембина Шынар Балтабекқызы, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК информатика пәнінің оқытушысы.

«Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша:

1 орын - Кызылбаев Ерлан Курманбекович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Алданыш Кенже, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Баярхуу Мира, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын - Кузьмич Евгения Сергеевна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын - Сагимбекова Мереке Нуралыевна, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын - Чуйко Алина Викторовна, Оськина Надежда Николаевна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары.

«IT-саласының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша:

1 орын- Хлопенков Сергей Константинович,«Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖММIT-саласының арнайы пәндер оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелікорталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.