2025 жылдың 11 ақпанында Шахтинск технологиялық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Digital Skills» атты алғашқы облыстық байқау өтті. Іс-шара Қарағанды облысының 8 колледжінің студенттерін жинады. Байқаудың мақсаты студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін, олардың шығармашылық қабілеттерін және алгоритмдік ойлауын дамыту болып табылады.
Байқаудың міндеттері:
- модельдеу алгоритмдерін зерттеу және қолдану;
- шығармашылық көзқарасты көрсету;
- студенттерді WorldSkills аймақтық чемпионатына қатысуға дайындау.
Байқауға жаңадан бастаушылардан бастап Blender 3D бағдарламасымен сенімді жұмыс істейтін тәжірибелі мамандарға дейін әр түрлі деңгейдегі колледж студенттері қатысты.
Байқауға келесі колледждердің студенттеріқатысты:
- «Шахтинск технологиялық колледжі»КМҚК;
- «Қазіргі заман көпсалалы колледж» ЖММ;
- «Теміртау жоғары политехникалық колледжі»КМҚК;
- «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»КМҚК;
- «Қарағанды техника-құрылыс колледжі»КМҚК;
- «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
- «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі»КМҚК;
- «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі»ЖММ.
Барлық байқауға қатысушылар білім мен дағдылардың жоғары деңгейін, сондай-ақ қойылған міндеттерді шешуде шығармашылық тәсілді көрсетті.
Байқауды тәуелсіз сарапшылар бағалап, жеңімпаздарды анықтады:
1 орын - Азаматова Ангелина, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті;
2 орын - Бухлов Руслан, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;
3 орын - Шмидт Вилен, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!





umc-ro@umckrg.gov.kz



