2025 жылдың 27 ақпан күніҚарағанды қаласының №21 жалпы білім беретін мектебінде Полиция Департаментінің қолдауымен «Жассақшы» полиция сыныбының салтанатты түрде ашылды.
Бұл іс-шара Қарағанды облысының Полиция департаменті мен Білім басқармасы, оқу-әдістемелік ортылығының бірлескен ынтымақтастығы аясында өткізіліп, болашақ құқық қорғаушылардың адалдық пен жауапкершілікке деген сертін білдіретін маңызды қадам болды.
Полиция сыныбының ашылуы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сйкес «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылықты арттыруға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және жас сақшыларды тәртіпке шақыруға бағытталған.
Іс-шара Жас сақшылар ант қабылдауымен және куәліктерін табыстаумен аяқталды. Сонымен қатар, естелік ретінде мектепте өз жұмысын адал атқарып, қылмыскерді ұстау барысында жараланып, қаза тапқан жедел уәкіл қызметкері Нурлан Сапуанович Байгаскин атындағы кабинет ашылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz




