Қарағанды облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің әдіскерлері мен мамандарына арналған семинар
26-02-2025 21:33
Қарағанды облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің әдіскерлері мен мамандарына арналған семинар

     2025 жылғы 26 ақпанда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысы білім басқармасының «6 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бірлесіп Қарағанды облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің әдіскерлері мен мамандарына арналған «Тілдік байланыс өнері – бала жүрегінің кілті» тақырыбында облыстық шеберлік сағатын өткізді.

  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында сабақта бейнефрагменттерін көрсетіп, ұлттық ойындардың элементтерін қолданудың маңыздылығын аша отырып, семинар қатысушыларына «Шертпек»  ұлттық ойынын өткізді.

   «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»  КМКК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Калмагамбетова Айгуль Хамзеевна семинарды қорытындылай отырып, семинарда көтерілген мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін айтып өтті.