2025 жылдың 28 ақпанында өткен «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» атты республикалық челленджге 17 облыс және Республикалық маңызы бар 3 қала қатысты. Қарағанды облысынан республикалық челленджге Абай ауданы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы қатысты.
«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджі ақынның шығармаларын насихаттауға, өз дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындыруға, оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген шығармалары арқылы рухани азық, адамдық сипатта бой түзеуге, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Іс-шараның қонақтары Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, Абай ауданының Орталықтандырылған кітапханасының басшысы, Абай ауданының «Абай ақиқат» газетінің редакторы болды.





umc-ro@umckrg.gov.kz




