2025 жылдың 21 ақпаны күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі болып өтті.
Олимпиада мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Байқауға Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Теміртау қалаларынан, Абай, Бұқаржырау, Шет, Ақтоғай аудандарынан барлығы 8 жас педагог қатысты.
Қатысушылардың әрқайсысы оқу үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу және жобалау қабілеттерін көрсетті.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу турының жеңімпаздары:
«Жас педагогтер» номинациясы бойынша:
Бірінші дәрежелі диплом - Болатбекова Айғаным Төлеубайқызы, Балқаш қаласы бастауыш сынып мұғалімі.
Екінші дәрежелі диплом - Бейсенбекова Фариза Каирбекқызы, Бұқар жырау ауданы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Үшінші дәрежелі диплом - Серік Манас Базарбекұлы, Ақтоғай ауданы, тарих пәнінің мұғалімі
Үшінші дәрежелі диплом - Қалдыбаев Абылай Ержанұлы, Шет ауданы, география пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысының педагог-психологтері мен мектеп аға вожатый арасында өткен олимпиадасына Қарағанды, Приозерск қалаларынан, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарынан 14 педагог өтінім берді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І орын – Омарова Балнұр Казбеккизи, Қараганды қ. «№12 ЖББМ»КММ;
ІІ орын –Володяқызы Айгерим, Қараганды қ. «№82 ЖББМ» КММ;
ІІ орын – Жәкен Нұргүл Жәкенқызы, Шет ауданы «Ю.Гагарин атындағы мектеп -лицейі» КММ;
Мадақтама – Шахан Ақтолқын, Бұқар жырау ауданы, «Ботақара ЖББМ» КММ; Большекенова Лаура Азаматқызы, Қарқаралы ауданы, «Н.Әбдіров атындағы №10 ЖББМ» КММ.
Жеңіске жеткен педагогтерімізді құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!





umc-ro@umckrg.gov.kz






