Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» семинарын өткізді. Семинардың модераторы ҚО ББД ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна болды. Қарағанды қаласының «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Нургалиевна Аушайманова педагогтермен бірге А.С.Пушкиннің «Моцарт және Сальери» шығармасы бойынша оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған оқулық тапсырмаларын пысықтады. Педагогтер семинарға белсенді қатысып, өздерімен және айналасындағылармен қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін талдау, қоршаған ортаның өзін-өзі бағалауға әсері (кейс-талдау), Сальеридің ішкі қақтығысы, ПОПС формуласын қолдана отырып, «Гений и злодейство» тақырыбын талдады. Семинар жұмысына орыс тілі мен әдебиетінің 70 педагогі қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




