Туыстық біліктіліктерді игере отырып, модульдік-құзыреттілік тәсілді пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша оқыту семинары
2025 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыонлайн форматта модульдік-құзыреттілік тәсілді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: туыстық біліктілікті игере отырып модульдік-құзыреттілік тәсілді пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының құзыреттілік деңгейін арттыру.
Спикерлер ұқсас біліктіліктер бойынша білім деңгейлерінің интеграциясын ескере отырып, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті:
- Нурмаганбетова Эльмира Саулехановна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,Бондарева Алена Андреевна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК оқу бөлімінің меңгерушісі, «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша туыстық біліктіліктерді игере отырып білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында;
- Акедилова Асель Куанышевна,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқу бөлімінің меңгерушісі, «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» мамандығы бойынша туыстық біліктіліктерді игере отырып білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында;
- Ермекбаева Нуржамал Расимбековна,«Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша туыстық біліктіліктерді игере отырып білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында;
- Базарова Лаззат Есимовна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша туыстық біліктіліктерді игере отырып білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында;
- Орынбасарова Малика Орынбасаровна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша туыстық біліктіліктерді игере отырып білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында.
Қатысушылар олардың табыстылығын талдауды ескере отырып, бағдарламаларды одан әрі жақсарту және бейімдеу жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, семинар білім беру сапасын арттыру, оның өзектілігі мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан өзекті екенін және осыған байланысты біліктіліктерді игеру студенттерге өз мансабын тиімді жоспарлауға және пәнаралық дағдыларды дамытуға көмектесетінін атап өтті.
Семинарға облыс колледждерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қамту директорлардың оқу жұмысы жөніндегі 44 орынбасарларын құрады.
Сондай-ақ, 2025 жылғы ББ тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар берілді.