АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН СЕМИНАР - ПРАКТИКУМ
06-03-2025 18:39
АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН СЕМИНАР - ПРАКТИКУМ

      2025 жылдың 06 наурызы күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтоғай ауданының математика және физика пәндерінің мұғалімдері үшін Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ педагогтерімен семинар-практикум өткізілді.

      Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін және цифрлық платформаларды сабақ үрдісінде қолдану, оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру бойынша мәселелер қарастырылып, күрделі есептердің шешу жолдары көрсетілді.

Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ келесі педагогтері өздерінің іс -тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Ыбырай Ербол Арсланбекұлы, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ математика және физика пәндерінің мұғалімі;

Жанатаева Айгерим Ержановна, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Бақтияр Данияр Жанболатұлы, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі.