2025 жылыдың 4 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі базасында «Вокалдық өнер», «Міндетті фортепиано», «Музыка теориясы» бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының музыкалық-теориялық пәндерінің оқытушылары, балалар музыка мектептері, өнер мектептері және мамандандырылған музыка мектеп- интернаттарының педагогтері арасында «Заманауи музыкалық білім беру саласындағы инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында тәжірибе алмасу облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинар 3 секцияда өтті:
- «Жеке ән салу сабағында вокалдық өнерді жетілдіру»
- «Музыкалық-теориялық пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдер»
- «Міндетті фортепиано сыныбындағы түрлі тәсілдер мен формалар»
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.М.Баймағанбетова іс-шараны ашып, оның маңыздылығын атап өтті. Семинар қонағы «Көкшетау қаласы, Ақан Сері атындағы өнер колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Болиева Валерия Хаджиумарова «Вокалдық техниканы дамытудың заманауи әдістері және орындау сапасы. Типтік вокалдық қателер және оларды шешу жолдары» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің музыкалық-теориялық пәндер оқытушылары заманауи музыкалық білім берудегі инновациялық әдістер және технологиялармен, балаларды оқытуға арналған жаңа шығармашылық тәсілдері, сольфеджио пәнін оқытудағы инновациялық әдістерімен бөлісті, студенттердің сахналық сезімін дамытудағы ойын технологияларын қолдану тәжірибесі және заманауи тәсілдерін ұсынды.
Семинар тәжірибе алмасу және музыкалық білім беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру алаңына айналды.
Семинар тыңдаушылары спикерлерлердің жоғары кәсіби деңгейін және колледж студенттерінің жоғары дайындық деңгейін атап өтті.
Семинарда барлық қатысушыларұсынылған әдістемелерге қызығушылық танытып, спикерлер тарапынан жұмыс барысына тартыла отырып белсенді түрде өтті.
Педагогтар көптеген жағымды эмоцияларға ие болдып, алдағы жұмыстарын жүзеге асыру үшін тың идеялармен, шығармашылық қуатпен толықты.
Семинарға ТжКОБ ұйымдарының, балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің және мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарының арнайы және музыкалық-теориялық пәндері бойынша 44 педагогі қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz







