«Web-мастер» жобасы аясындағы «Сайт құру» облыстық байқауы
06-03-2025 18:52
«Web-мастер» жобасы аясындағы  «Сайт құру» облыстық байқауы

      2025 жылғы 06 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Web-мастер» жобасы аясында облыстық «Сайт құру» байқауыныңқатысушыларды марапаттау рәсімі өткізілді.

«Сайт құру» байқаудың мақсаты, танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру, инновациялық құзыреттіліктерді, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды дамыту.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең-сырттай кезең: 03.02.2025-14.02.2025ж. Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге жіберілді.

II кезең - облыстық деңгей, 2025 жылғы 26 ақпанында өткізілді. Байқаудың күндізгі кезеңінде қатысушылар өздерінің Web-сайттарын қорғады.

Сайт құрастырушыларын пайдаланусанаты бойынша:

Сайт құрастырушыларын пайдаланусанаты бойынша 3 орын алғаны үшін Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММинформатика пәнінің мұғаліміЕрмекова Асель Асхатовна;

Сайт құрастырушыларын пайдаланусанаты бойынша 2 орын алғаны үшін Темиртау қаласы «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Шепеленко Светлана Викторовна;

Сайт құрастырушыларын пайдаланусанаты бойынша 1 орын алғаны үшін Қарағанды қаласы «№3 гимназиясы»КММ, информатика пәнінің мұғалімі Әділхан Гүлзирамарапатталады.

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 3 орыналғаны үшін Осакаров ауданы«№6 жалпы білім беретін мектебі» КММтарих пәнінің мұғаліміКостичану Юрий Васильевич;

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 2 орыналғаны үшін Шахтинск қаласы «№7жалпы білім беретін мектебі»КММ информатика пәнінің мұғаліміСибанбай Абай Мухтарулы;

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 1 орыналғаны үшін Қарағанды қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы»КММ информатика пәнінің мұғалімі Бердиходжаев Адилбек Сайлауовичмарапатталады.

 

Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!