2025 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі базасында
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша «Мамандығы бойынша Үздік» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс мамандығының беделін және таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру.
Конкурсқа «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, «Жер асты электрослесарі» біліктілігі бойынша Қарағанды облысының студенттері қатысты.
Конкурс үш модуль бойынша өткізілді:
1 Модуль -ГПК комбайнын басқару;
2 Модуль -КУВ-92 қашықтанбасқарупанелінің батырмалық постын жинақтау. Күштіккабель мен КУВ-92 түймесінПВИсериялыіске қосқышынақосужәнетау-кенэлектржабдығыніскеқосу;
3 Модуль -АУК – 1М аппаратурасындағыақаулардыанықтау.
«Мамандығы бойынша үздік» конкурсы талантты студенттерді анықтау және тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетті.
Барлық қатысушылар «Казахстанская», «Абай», «Костенко», «Тентекская» және «Углесервис» шахталарының өкілдері атынан тәуелсіз қазылар алқасы тарапынан критериалды бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын -Абдулхаджиев Руслан, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі;
2 орын -Сингарай Максим, Шахтинск технологиялық колледжі;
3 орын -Арсаев Анзор, Саран техникалық колледжі.
Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz









