
2025 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер педагогтерінің «Менің туған өлкем» атты облыстық медиасабақтар байқауының қорытынды кезеңі ұйымдастырылып өтті.
Байқаудың мақсаты: инновациялық әдістемелерді, мультимедиялық технологияларды және оқыту мен тәрбиелеуге шығармашылық көзқарасты пайдалана отырып, тарихты және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту сапасын арттыру. Құндылыққа бағытталған білім беруді оқу үдерісіне кіріктіру.
Байқауға облыс колледждерінен 14 оқытушы қатысты. Барлық қатысушылардың жұмысын тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Рахимбаева Айжан Сагатовна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі»КМҚК тарих және әлеуметтік пәндер оқытушысы;
2 орын - Какембай Рахат, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚКтарих пәнінің оқытушысы;
3 орын - Комекова Асель Боранбаевна, «Қазіргі заманғы көп салалы колледжі» ЖМтарих пәнінің оқытушысы.
Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.