
2025 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде жас мамандардың тәлімгерлермен («педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар тәжірибелі педагогтермен) интеграцияланған шеберлік сыныптары өткізілді.
Іс-шара «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес педагогикалық ынтымақтастық дағдыларын дамыту, «тәлімгер-жас педагог» жағдайында тәжірибе алмасу мақсатында «Жалпы пәндер және арнайы пәндерді оқытудың тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері, құралдары мен тәсілдері» тақырыбы бойынша өткізілді.
Іс-шараны «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Т.Г. Нартова, «Қарағанды көлік- технологиялық колледжі» КМҚК (бұдан әрі – Колледж) директоры Б. С. Елубаев алғы сөзбен және баяндамаларымен ашты.
Әрі қарай, бағдарламаға сәйкес, Колледж педагогтерінің тақырыптар бойынша интеграцияланған шеберлік сыныптары көрсетілді:
- «Цифрлық білім беру ресурстары химия және материалтану пәндерін оқытудың тиімділігін арттыру құралы ретінде», Кайырбекова И.А., химия пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Кенжегулов Ж.К., «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (бұдан әрі - АКТҚК) мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы;
- «Заманауи технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі мен автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша арнайы пәндерді оқытудың тиімді жолдары», Даулетбаева Ж.Д., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Ахметова А.Ж., АКТҚК мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы;
- «Заманауи инновациялық технологиялар «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Автомобиль диагностикасы» пәндері бойынша сабақтарда студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту құралы ретінде», Сулейменова Г.А., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Оралов Қ.Б., АКТҚК мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы;
- «АКТҚК бойынша арнайы пәндер сабақтарында физика білімін қолдану», Екишева Ш. Е., физика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Ораз Қ.Т., АКТҚК мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы;
- «Математика және дәнекерлеу ісі арнайы пәндері бойынша сабақ беру процесінде интеграцияланған оқыту», Хамитова Г.А., математика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Сулеев Е.Ж., «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы.
Негізгі бөлімнен кейін құзыреттер орталығына экскурсия өткізілді, онда Колледждің өндірістік оқыту шеберлері құзыреттер орталығындағы жабдықтармен жұмыс жасау жөніндегі бес алаңда шеберлік сыныптарын ұсынды.
Іс-шара соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері А.А. Кнашина рефлексия жүргізіп, қорытындылар шығарып, ұсыныстар берді.
Іс-шараға облыс колледждерінің 54 педагогы қатысты.