
2025 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша өндірістік оқыту сабақтарында кәсіптік құзыреттілікті дамытудың инновациялық әдістері мен тәсілдері» облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - тәжірибе алмасу, «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру.
Бағдарламаға сәйкес, колледж педагогтерінің тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді:
- «Өндірістік оқыту сабақтарындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»,
Абдряхимова Альфия Мянсуровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
- «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша кәсіптік оқыту сабақтарында онлайн-платформалар мен сервистерді, мобильді қосымшаларды қолдану»,
Пикалова Елена Викторовна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
- «Интерактивті технологиялар - оқу процесі неғұрлым серпінді және қызықты»,
Коба Ирина Петровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.
Мастер-класстарды өткізу барысында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері мамандық бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізуде, интерактивті оқыту материалдарын жасауда, білім алушылардың уәждемесін арттыруда тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері И. П. Шленская қорытынды жасап, ұсыныстар берді.
Іс-шараға облыс колледждерінің 10 педагогы қатысты.