Қосымша білім беру педагогтерінің көркемөнер-эстетикалық бағытындағы «Өнерлі шебер» XІІI облыстық шығармашылық тәжірибелік шеберлік сабақтары
19-03-2025 19:10
Қосымша білім беру педагогтерінің  көркемөнер-эстетикалық бағытындағы «Өнерлі шебер» XІІI облыстық шығармашылық тәжірибелік шеберлік сабақтары

       2025 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Қарағанды қаласы «№1 Балалар көркемөнер мектебі» КМҚК, «Шығармашылық одағы» «Қарағанды суретшілер одағы» ҚБұйымдастыруымен көркемсурет, өнер мектептерінің көркемсурет бөлімдерінің, изостудиялардың қосымша білім беру педагогтеріне Қосымша білім беру педагогтерінің көркемөнер-эстетикалық бағытындағы «Өнерлі шебер» XІІI облыстық шығармашылық тәжірибелік шеберлік сабақтары Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайындаөтті.

Шеберлік сабақта қатысушыларға 5 шеберлік сабақ пен іс-тәжірибелік бөлім, сонымен қатар «Мастер-ART»  көрме-байқауының «Қазақстан! Көктем! Шығармашылық!» тақырыбындағы Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарынан көркемдік-эстетикалық бағыттағы дарынды педагогтердің кескіндеме мен графикадан мүсін мен сәндік-қолданбалы өнерге дейінгі әртүрлі техникалар мен стильдерде орындалған жұмыстары қойылып, ұсынылды.

         Шеберлік сыныпта«Мастер-ART» көрме-байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау, сондай-ақ шығармашылықпен және кәсіби тәжірибе алмасумен толтырылған нәтижелі күннің қорытындысын шығарумен аяқталды.