Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыс тобының отырысы
20-03-2025 19:16
 Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  жұмыс тобының отырысы

      2025 жылдың 19 наурызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Оқу ісі жөніндегі Жас орынбасар мектебінің» қызметін ұйымдастыру  мәселесі бойынша жұмыс тобының онлайн-кеңесін өткізді.

Отырыста «Оқу ісі жөніндегі Жас орынбасар мектебінің»» Ережесінің жобасын талқылау және қарау бойынша сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану бойынша семинарды өткізу форматы жөніндегі мәселелер қозғалды.

Отырыс қорытындысында талқылау үдерісіндегі ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, қорытындылар шығарылып, іске асыру бойынша одан әрі қадамдар белгіленді, және «Оқу жұмысы жөніндегі жас орынбасар мектебі» ережесін әзірлеу мерзімдері белгіленді.

Отырысқа директорлардың оқу ісі жөніндегі 10 орынбасары және жұмыс тобының құрамына кіретін білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.