
2025 жылдың 26 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары жұмыс тобының әдістемелік өнімді әзірлеу мәселесі бойынша онлайн-отырысын өткізді.
Отырыста оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік өнімнің құрылымы мен мазмұнын талқылау және қарау, модульдік-құзыреттік тәсілді іске асыру, директорлардың оқу жұмысы бойынша орынбасарлары үшін әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және оқу-әдістемелік материалдарды рецензиялау жөніндегі жұмыс тобы өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері шығарылды.
Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыбасшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу - білім беру сапасы мен оқу процесін басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ олардың кәсіби қызметінде директорлар орынбасарларына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Қатысушылар директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдардың құрылымын, олардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ енгізу тетіктерін талқылады.
Сондай-ақ, оқу-әдістемелік материалдарды рецензиялау бойынша жұмыс тобы өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Әдістемелік материал сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін апробация нәтижелерін бағалаудың нақты критерийлерін әзірлеу ұсынылды. Оқу материалдарын сараптау, рецензиялау және топ мүшелері арасында жауапкершілікті бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысында қорытынды жасалып, ұсынымдар жобасын түзету, талқылау процесінде ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша одан арғы қадамдар белгіленді.
Отырысқа директорлардың оқу ісі жөніндегі 10 орынбасары және жұмыс тобының құрамына кіретін білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.