«943 - ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ
26-03-2025 19:22
«943 - ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ

      26 наурызда Қарағанды қ. «№ 23 ЖББМ» КММ-нің «№ 10 ЖББМ» нысаналы мектебімен өзара іс-қимыл жоспары аясында 1-11 сынып оқушылары арасында «Ғылымға қадамдар» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты-оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын дамыту және ғылымға деген қызығушылықты қалыптастыру, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конференция жұмысының бағыттары: бастауыш сыныптар, жаратылыстану-математика ғылымдары, техникалық шығармашылық және инженерия, гуманитарлық ғылымдар.

Барлығы 59 оқушы жұмысы ұсынылды. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ ғылыми жұмыстар жинағы шығарылады.