Білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану бойынша семинар
28-03-2025 19:30
Білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану бойынша семинар

      2025 жылдың 28 наурызында  білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану бойынша облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мен қолданудың табысты тәжірибелерімен тәжірибе алмасу.

Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Татьяна Георгиевна Нартова қазіргі заманғы цифрлық технологияларды білім беру процесіне ықпалдастыру - бұл уақыттың сынағы ғана емес, сонымен қатар анағұрлым тиімді, қолжетімді және қызықты білім беру ортасын құру мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың  облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Свердлова Елена Александровна білім алудың қолжетімділігін арттыру, оқытуды дараландыру, оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту сияқты цифрлық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын атап өтті.

Спикерлер білім сапасын жақсарту және студенттерді еңбек нарығының заманауи талаптарына дайындау үшін оқу процесінде тиімді пайдалануға болатын түрлі цифрлық технологияларды ұсынды.

Спикерлер сөз сөйледі:

-Жексембаева Алтынгуль Кенбаевна,  «Саран техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Magic School бағдарламасын тігін ісі бойынша сабақтарда қолдану» тақырыбында;

-Крылович Анна Владимировна, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қолданбалы информатика сабақтарында Google қызметтерін пайдалану. Жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында;

- Белгитаева Салима Айтжановна, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Стандарттау және метрология негіздері» пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында;

-Махатова Кулиза Джусембаевна, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Түсті металдар өндірісі» пәні бойынша оқу сабақтарын өткізуде цифрлық платформаларды пайдалану» тақырыбында.

Семинар барысында қатысушылар педагогтар арасында тәжірибе алмасу білім беру процесіне үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал ететінін атап өтті. Мұндай семинарларды өткізу педагогтердің кәсіби дағдыларын дамыту және қоғамның заманауи талаптарына бейімделу үшін өзекті болып табылады.

Семинарға облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының 46 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар беріліп, ұсынымдар енгізілді.