Психологиялық қызметтің жұмысын сүйемелдеуші әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтардың
шығармашылық зертханасы
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің бірыңғай инновациялық жүйесін құру мақсатында шығармашылық зертхана Қарағанды облысында ББД ОӘО директоры бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2014-2015 оқу жылы бойы жұмыс жасайды. Жұмыс тілі: мемлекеттік. Модератор: оқу-әдістемелік орталығының әдіскер-психологы Ж.Д. Нұржан.
Зертханалық жұмыстың 4 отырысы орыс тілінде дайындалып басылып шыққан «Оқу – тәрбие процесін әлеуметтік – психологиялық – педагогикалық қолдау» (Мануал. 1-басылым) білім беру мекемелерінің педагог – психологтарына арналған әдістемелік құралды толықтай мемлекеттік тілге аудару, әдістемелерді әзірлеу және бейімдеу жұмыстарына арналды. Аударма жұмысында Шет, Қарқаралы аудандарынан әдіскерлер, Қарағанды қаласы, Осакаровка, Абай, Шет аудандарының ЖББ орта мектептерінен педагог-психолог және әлеуметтік педагогтар өте белсенді жұмыс атқаруда.