Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтердіңкәсіби шеберлігін арттыру, талантты ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 26 наурызы Көктемгі мектеп аясында «Печа-куча» форматында педагогтердің әдістемелік отырысы өтті. Кездесуге Қарағанды, Шахтинск, Сарань, Теміртау қалаларынан, Бұқар жырау, Шет, Нұра, Осакаров аудандарынан жас педагогтер қатысты.
Кездесу «Печа-куча» форматында тәлімгер ұстаз бен жас маманның әдістемелік қызметі бойынша өткізілді. Кездесу оқу-әдістемелік орталығының 1 қабатында орналасқан «JAÑASHYL USTAZ» жас мамандар шеберханасында ұйымдастырылып, ашық алаңда педагогикалық квиз іс-шарасымен жалғасты. Тәлімгер ұстаздар шеберлік сабақтар ұйымдастырса, жас мамандар аталған форматта өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Келесі кезекте печа-куча форматында өтетін кездесуде өз іс-тәжірибесімен алмасатын жас педагогтер анықталып, үздік ұстаздар эстафетаны табыстады.





umc-ro@umckrg.gov.kz








